usd444.3eur490.91rub5.41cny66.59
Аккредитован в Министерстве сельского хозяйства Республики Казахстан
Аккредитован в Национальной палате предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен»
09.11.2026–15.11.2026 аралығындағы апталық шолу 16.11.2026 в 12:52 107 просмотров

Қазақстанның астық одағы Талдау комитетінің деректері бойынша, EXW – элеватор шарттарындағы бағалар (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары), ҚҚС 16%-ды қоса алғанда, мың теңге/т:

▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 23–24%) – 91–94 ▶️ (0)
▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 25–26%) – 92–96 ▶️ (0)
▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 27%) – 95–98 ▶️ (0)
▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 28–29%) – 98–102  (-1)
▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 30%+) – 103–107  (-1)
▪️ 4-сыныпты бидай – 88–91  (+1)
▪️ 5-сыныпты бидай – 86–89  (+2)
▪️ Жемдік арпа – 74–77  (+1)
▪️ Зығыр тұқымы – 181–186 ▶️ (0)

ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамдары:

444,30 теңге/$  (-2,84)
5,41 теңге/₽  (-0,05)
490,91 теңге/€  (-8,63)
66,59 теңге/¥  (-0,44)

 Экспорттық бағалар, USD/тонна:

▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 23–24%) – 268–272 DAP Сарыағаш  (+1)
▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 25–26%) – 269–273 DAP Сарыағаш (+1)
▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 27%) – 269–274 DAP Сарыағаш  (+1)
▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 28–29%) – 277–281 DAP Сарыағаш  (-1)
▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 30%+) – 293–297 DAP Сарыағаш (-1)
▪️ 4-сыныпты бидай – 259–262 DAP Сарыағаш  (+1)
▪️ 5-сыныпты бидай – 250–254 DAP Сарыағаш  (+2)

▪️ Арпа – 218–223 DAP Сарыағаш  (+3)
▪️ Арпа – 217–222 FOB Ақтау (+2)
▪️ Арпа – 220–225 DAP Достық/Алтынкөл ▶️ (0)

▪️ Зығыр тұқымы – 440–445 FCA – жөнелту станциясы ▶️ (0)
▪️ Зығыр тұқымы – 497–502 DAP Достық/Алтынкөл  (+2)

Бидай ұны, жеткізу шарты DAP Сарыағаш, USD/t:

▪️ 1-сұрыпты ұн – 300–305 ▶️ (0)
▪️ Жоғары сұрыпты ұн – 390–395 ▶️ (0)

Бидай-арпа жемдік қоспасы (жемдік ұн), жеткізу шарты DAP Алашанькоу/Қорғас, USD/t:

▪️ протеин 12+% – 255–260 ▶️ (0)

 Ішкі нарық

Өткен аптада ішкі нарықтағы белсенділік төмен деңгейде қалды. Негізгі себептер — ҚТЖ тарапынан негізгі және қосымша жоспарларды келісуге қатысты ішінара шектеулер және теңгенің негізгі валюталарға қатысты кезекті нығаюы.

↕️ Бидай бағасы әр бағытта өзгерді: сапасы төмен бидай қымбаттаса, жоғары сапалы бидай арзандады.

⬆️ 5-сыныпты бидай 2 мың теңге/т қымбаттады.
⬆️ 4-сыныпты бидай 1 мың теңге/т қымбаттады.
⬇️ Желімшесі 28–29% және 30%+ болатын 3-сыныпты бидай 1 мың теңге/т арзандады.
↔️ Бидайдың қалған түрлері бойынша баға өзгерген жоқ.

Себебі — жоғары сапалы бидай ұсынысы сапасы төмендеу бидайға қарағанда айтарлықтай көп. Ал сапасы төмендеу бидайға экспорттаушылар, өңдеушілер және құс фабрикалары тарапынан сұраныс бар.

⬆️ Арпа ішкі нарықта 1 мың теңге/т қымбаттады.

Негізгі себеп — жемдік ұн өндірушілері мен экспорттаушылар тарапынан, ең алдымен Қытай және Өзбекстан бағытында, сұраныстың болуы.

 Валюта нарығы

Өткен аптада теңге АҚШ долларына және басқа валюталарға қатысты нығаюын жалғастырды. Сауда қорытындысы бойынша апта ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы 0,64% болды.

 ЕТС биржасы

Өткен аптада ЕТС биржасында екі сауда күні ішінде 2-сыныпты арпаны сату бойынша бір ғана мәміле жасалды — 774 тонна, EXW – желілік элеватор шартымен, ҚҚС 16%-ды қоса алғанда, 80 мың теңге/т бағамен.

Сондай-ақ EXW – желілік элеватор шарттарымен, ҚҚС 16%-ды қоса алғанда, мынадай бидай сатуға ұсынылды:

▪️ желімшесі 23–24% болатын 3-сыныпты бидай – 97 және 98 мың теңге/т;
▪️ желімшесі 25–26% болатын 3-сыныпты бидай – 99, 100 және 101 мың теңге/т;
▪️ желімшесі 27–28% болатын 3-сыныпты бидай – 115 және 116 мың теңге/т;
▪️ желімшесі 29–30% болатын 3-сыныпты бидай – 117 және 118 мың теңге/т;
▪️ желімшесі 18% болатын 4-сыныпты бидай – 100 мың теңге/т;
▪️ желімшесі 20% болатын 4-сыныпты бидай – 102 мың теңге/т;
▪️ 5-сыныпты бидай – 85 мың теңге/т.

Аталған лоттар бойынша мәмілелер жасалған жоқ.

 Экспорттық логистика

13 қарашада өткен «ҚТЖ астық штабының» отырысында ҚТЖ инфрақұрылымындағы қиындықтар расталды.

МГСП Сарыағаш бағытында 10 мыңнан астам вагон жиналған, бұл нормативтен 30%-ға жоғары. Соңғы күндері Өзбекстан темір жолы тарапынан қабылдау 36 жұп пойыздан 29 жұп пойызға дейін төмендеді. Бұған жүк алушылар инфрақұрылымының және теміржол инфрақұрылымының қазіргі тиеу көлеміне техникалық тұрғыдан дайын болмауы себеп.

Әсіресе Өзбекстан темір жолының 11 станциясында, сондай-ақ Тәжікстанға транзиттік бағытта жағдай күрделі.

МГСП Болашақ және МГСП Достық бағыттарында да вагондардың нормативтен тыс жиналуы байқалады.

Ресей аумағы арқылы Балтық порттарына транзит бағытында РЖД тарапынан транзитті келісуге байланысты қиындықтар сақталуда. Беларусь бағыты бойынша және оның аумағы арқылы Литва, Латвия мен Польшаға транзитте де елеулі шектеулер бар.

ҚТЖ мен ҚР Көлік министрлігі РЖД және РФ Көлік министрлігімен консультациялар жүргізуде. Бұл шектеулердің қашан шешілетіні әзірге белгісіз.

Sea Lines (Dry cargo short sea freight market report) деректері бойынша, өткен аптада Каспий өңіріндегі фрахт нарығында Астраханьнан жөнелту бойынша тарифтердің өсуі байқалды.

Бос тоннаж тапшылығы бұрынғы деңгейде сақталуда, ал кеме иелерінің көбі желтоқсан айындағы жөнелту күндеріне бағдарлана бастады. Қолжетімді кемелер саны шектеулі, бұл фрахт ұсыныстарының одан әрі қымбаттауына ықпал етуде.

Каспий теңізі арқылы Иранның солтүстік порттарына бағытталған индикативті фрахт ставкалары:

▪️ Ақтаудан – 90 USD/t ▶️ (0);
▪️ Астраханьнан – 129 USD/t (+4).

 Экспорт

ҚТЖ тарапынан негізгі және қосымша жоспарларды келісуге қатысты ішінара шектеулер болғанына қарамастан, астықты экспортқа жөнелту қарқыны жанданды.

⬆️ Өткен аптада желімшесі 23–24%, 25–26%, 27% болатын 3-сыныпты бидайдың, сондай-ақ 4-сыныпты бидайдың экспорттық бағасы 1 USD/t өсті.

⬆️ 5-сыныпты бидай 2 USD/t қымбаттады.

⬇️ Желімшесі 28–29% және 30%+ болатын жоғары сапалы 3-сыныпты бидай бағасы 1 USD/t төмендеді.

Себебі — стандартты және төмен сапалы бидай ұсынысының шектеулі болуы және оған өңдеушілер мен экспорттаушылар тарапынан жоғары сұраныстың сақталуы.

Сонымен қатар ресейлік бидай бағасы айтарлықтай өсті. Оның қымбаттауына Қазақстанға және Орталық Азия елдеріне жеткізудегі маусымдық логистикалық шығындардың артуы, вагон тапшылығына байланысты тасымал құнының өсуі, сондай-ақ ресей рублінің басқа валюталарға қатысты нығаюы әсер етті.

⬆️ Арпаның экспорттық бағасы:

▪️ DAP Сарыағаш шарты бойынша 3 USD/t өсті;
▪️ FOB Ақтау шарты бойынша 2 USD/t өсті;
↔️ DAP Достық/Алтынкөл шарты бойынша баға өзгерген жоқ.

 Зығыр тұқымы

Өткен аптада негізгі нарықтарда зығыр тұқымының бағасы негізінен тұрақты болды.

↔️ Ішкі нарықта EXW бағасы өзгеріссіз — 181–186 мың теңге/т (~407–419 USD/t).

↔️ FCA Kazakhstan шарты бойынша экспорттық баға өзгеріссіз — 440–445 USD/t.

⬆️ Қазақстандық қоңыр зығырдың (тазалығы 97%) DAP Польша шарты бойынша бағасы 5 EUR/t өсіп, 505–510 EUR/t болды.

↔️ Қазақстандық зығырдың C&F ARAG шарты бойынша бағасы өзгерген жоқ — желтоқсанда жөнелтумен 700 USD/t.

Ресей астығының Октябрь теміржолын шамадан тыс жүктеуіне байланысты РЖД арқылы Эстония мен Латвия порттарына транзит әлі де мүмкін емес.

⬆️ Қазақстандық зығырдың DAP Достық/Алтынкөл шарты бойынша бағасы 2 USD/t өсіп, 497–502 USD/t болды.

 Қорытынды

❗ ҚТЖ тарапынан МГСП Сарыағаш, МГСП Болашақ және МГСП Достық бағыттарында негізгі және қосымша жоспарларды келісуге қатысты ішінара шектеулерге қарамастан, астық экспортының қарқыны жанданды.

‼️ Ішкі және сыртқы нарықтарда бидай бағасы жалпы тұрақты, бұл ретте орта және төмен сапалы бидай бойынша бағаның өсу үрдісі байқалады.

❗ Арпаға сұраныстың қалпына келуі ішкі және сыртқы нарықтағы бағаның өсуіне ықпал етуде.

‼️ Еуропаның зығыр нарығында Ресей арқылы Эстония мен Латвия порттарына транзит шектеулеріне, сондай-ақ балама бағыттардағы логистиканың қымбаттауы мен шектеулерге байланысты белгісіздік сақталуда. Қараша және желтоқсан айларында жағдайдың жақсару перспективалары күмәнді.

---------

Еженедельный обзор ценовой ситуации на зерновом рынке  Казахстана с 09/11/26 по 15/11/26.

По данным Комитета аналитики Зернового Союза Казахстана, цены на условиях EXW - элеватор (Акмолинская, Костанайская, Северо-Казахстанская области), в тыс теңге/т, включая НДС 16%:
▪️Пшеница 3 кл (кл-на 23-24%) - 91 - 94 ▶️ (0)
▪️Пшеница 3 кл (кл-на 25-26%) - 92 - 96 ▶️ (0)
▪️Пшеница 3 кл (кл-на 27%) - 95 - 98 ▶️ (0)
▪️Пшеница 3 кл (кл-на 28-29%) - 98 - 102  (-1)
▪️Пшеница 3 кл (кл-на 30+) - 103 - 107   (-1)
▪️Пшеница 4 кл - 88 - 91  (+1)
▪️Пшеница 5 класса - 86 - 89  (+2)
▪️Ячмень фуражный - 74 - 77  (+1)
▪️Семена льна - 181 - 186 ▶️ (0)
-------------------------------------------
Курсы валют Нацбанка РК:
444,30 теңге/$  (-2,84)
5,41 теңге/₽  (-0,05)
490,91 теңге/€  (-8,63)
66,59 теңге/¥  (-0,44)
-------------------------------------------
 Экспортные цены, USD/тонна:
▪️Пшеница 3 кл (кл-на 23-24 %) - 268 - 272 DAP Сарыагаш  (+1)
▪️Пшеница 3 кл (кл-на 25-26%) - 269 - 273 DAP Сарыагаш  (+1)
▪️Пшеница 3 Кл (кл-на 27%) - 269 - 274 DAP Сарыагаш  (+1)
▪️Пшеница 3 Кл (кл-на 28-29%) - 277 - 281 DAP Сарыагаш  (-1)
▪️Пшеница 3 Кл (кл-на  30+) - 293 - 297 DAP Сарыағаш  (-1)
▪️Пшеница 4 кл - 259 - 262 DAP  Сарыагаш (+1)
▪️Пшеница 5 кл - 250 - 254 DAP  Сарыагаш (+2)

▪️Ячмень - 218 - 223 -  DAP  Сарыагаш  (+3)
▪️Ячмень - 217 - 222 FOB Актау (+2)
▪️Ячмень - 220 - 225 DAP Достык/Алтынколь ▶️ (0)

▪️Семена льна - 440 - 445 FCA - станция отправления ▶️ (0);
▪️Семена льна - 497 - 502 DAP Достык/Алтынколь  (+2)

Мука пшеничная, условия поставки DAP Сарыагаш, USD/t:
▪️Мука 1 с. - 300 - 305 ▶️ (0)
▪️Мука в/с - 390 - 395 ▶️ (0)

Пшенично-ячменная кормовая смесь (кормовая мука), условия поставки DAP Алашанькоу / Хоргос, USD/t:
▪️протеин 12+% - 255-260 ▶️ (0)

 Внутренний рынок:
На прошедшей неделе на внутреннем рынке оставалась сдержанная активность. Причины: частичные ограничения КТЖ на согласование основных и дополнительных планов, очередное укрепление курса тенге к основным валютам.
↕️ Цены на пшеницу имели разнонаправленную тенденцию: росли на пшеницу с низким качеством, и снижались на высококачественное зерно.
⬆️ На 2 тыс теңге/т подорожала пшеница 5 класса.
⬆️ На 1 тыс теңге/т подорожала пшеница 4 класса.
⬇️ На 1 тыс теңге/т подешевела пшеница 3 класса с Кл 28-29 и 30+.
↔️ На остальную номенклатуру пшеницы цены не изменились.
Причины: предложение качественной пшеницы существенно выше, чем менее качественной, на которую, имеется спрос как со стороны экспортеров, так и со стороны переработчиков и птицефабрик.

⬆️ Ячмень подорожал на внутреннем рынке на 1 тыс теңге/т.
Причины: спрос со стороны производителей кормовой муки и экспортеров, в первую очередь, в направлении Китая и Узбекистана.

 Валютный рынок:
На прошедшей неделе курс теңге продолжил укрепился к доллару США и другим валютам. По итогам торгов, за неделю укрепление теңге к доллару США составило 0,64%.

 Биржа ЕТС:
За прошедшую неделю на бирже ЕТС в течение 2 торговых дней была проведена всего одна сделка по продаже 774 тонн ячменя 2 класса на условиях EXW - линейный элеватор, по цене 80 тыс теңге/т, включая НДС 16%.
Также предлагалась к реализации пшеница на условиях EXW - линейный элеватор, включая НДС 16%:
▪️ 3 класса с Кл 23-24 по ценам 97 и 98 тыс теңге/т;
▪️ 3 класса с Кл 25-26 по ценам 99, 100 и 101 тыс теңге/т;
▪️ 3 класса с Кл 27-28 по ценам 115 и 116 тыс теңге/т;
▪️ 3 класса с кл 29-30, по ценам 117 и 118 тыс теңге /т;
▪️ 4 класса с кл 18 по цене 100 тыс теңге/т;
▪️ 4 класса с кл 20 по цене 102 тыс теңге/т;
▪️ 5 класса по цене 85 тыс теңге/т.
Сделки по данным лотам не состоялись.

 Экспортная логистика:
На прошедшем заседании "Зернового штаба КТЖ" 13 ноября были подтверждены инфраструктурные затруднения КТЖ.
В направлении МГСП Сарыағаш накопление вагонов более 10 тыс единиц, что на 30% превышает норматив. В последние дни зафиксировано снижение приема со стороны УТЙ с 36 до 29 пар поездов, по причине технической неготовности инфраструктуры грузополучателей и жд инфраструктуры к существующим объемам погрузки. Особенно сложная ситуация сложилась на 11 станциях УТЙ, а также на транзитном направлении в Таджикистан.
Сложная ситуация со сверхнормативным накоплением вагонов сложилась также в направлениях МГСП Болашак и МГСП Достык.
В транзитном направлении через территорию РФ в направлении Балтийских портов по-прежнему существуют проблемы, связанные с согласованием транзита со стороны РЖД. Существенные ограничения также имеют место быть в направлении Беларуси и транзитом через ее территорию в Литву, Латвию и Польшу. КТЖ и Минтранс РК проводит консультации с РЖД и Минтрансом РФ. Перспективы разрешения данных ограничений неопределенные.

Согласно данных Sea Lines (Dry cargo short sea freight market report), на прошедшей неделе на фрахтовом рынке Каспийского региона отмечается повышение ставок на отправлениях из Астрахани. Дефицит свободного тоннажа сохраняется на прежнем уровне, при этом всё больше судовладельцев уже ориентируются на декабрьские даты. Количество доступных позиций остаётся ограниченным, что способствует дальнейшему росту фрахтовых предложений.
Индикативные ставки фрахта в Каспийском море в направлении северных портов Ирана держатся на следующихиуровнях:
▶️ из Актау - 90 USD/t (0);
      из Астрахани - 129 USD/t (+4).

 Экспорт:
Темп отгрузки зерна на экспорт активизировался, несмотря на частичные ограничения со стороны АО КТЖ на согласование основных и дополнительных планов.

⬆️ На прошедшей неделе экспортные цены на пшеницу 3 класса Кл 23-24, 25-26, 27, а также на пшеницу 4 класса повысились на 1 USD/t;
⬆️ Пшеница 5 класса подорожала на 2 USD/t;
⬇️ На качественную пшеницу 3 класса с Кл 28-29 и 30+ цены снизилась на 1 USD/t.
Причина - ограниченное предложение пшеницы рядового и низкого качества, при высоком спросе на последнюю, со стороны переработчиков и экспортеров. Кроме того, цены на российскую пшеницу существенно выросли. Она подорожала, за счет возросших сезонных логистических издержек по ее доставке в Казахстан и в страны Центральной Азии (дефицит вагонов привел к их удорожанию), а также, за счёт укрепления курса российского рубля ко всем валютам.

⬆️ Экспортные цены на ячмень повысились на всех базисах поставки:
▪️ на 3 USD /t на условиях поставки DAP Сарыагаш;
▪️ на 2 USD/t на условиях FOB Актау
↔️ Цена на условиях поставки DAP Достык/Алтынколь не изменилась.

 Семена льна:
На прошедшей неделе цены на семена льна на основных рынках были стабильны.
↔️ На внутреннем рынке цена EXW без изменений - 181 - 186 тыс теңге/т (~407 - 419 USD/t);
↔️ Экспортная цена на условиях поставки FCA Kazakhstan без изменений - 440 - 445 USD/t.
⬆️ Цена на казахстанский коричневый лен (чистота 97%) на условиях DAP Польша увеличилась на 5 EUR/t, до 505 - 510 EUR/t.
⬆️ Цена на казахстанский лен на условиях C&F ARAG не изменилась - 700 USD/t, с отгрузкой в декабре.
Сохраняется невозможность транзита по РЖД в направлении портов Эстонии и Латвии, в связи с загруженностью российским зерном Октябрьской ЖД.
⬆️ Цена казахстанского льна на условиях DAP Достык / Алтынколь повысилась на 2 USD/t, до 497 - 502 USD/t.

 Резюме:
❗️ Темпы экспорта зерна активизировались, несмотря на частичные ограничения по согласованию основных и дополнительных планов со стороны КТЖ в направлениях МГСП Сарыагаш, МГСП Болашак, МГСП Достык.
‼️ Цены на пшеницу на внешнем и внутреннем рынках стабильны, с тенденцией к повышению на пшеницу среднего и низкого качества.
Восстановление спроса на ячмень стимулирует рост цен на внутреннем и внешнем рынках.
‼️❗️На европейском рынке семян льна продолжается неопределенность, связанная с ограничениями транзита через РФ в направлении портов Эстонии и Латвии, а также ограничений и удорожания логистики в альтернативных направлениях. Перспективы улучшения ситуации в ноябре и декабре сомнительны.

Ссылка на источник

Вернуться к списку новостей