Представляем сессии конференции AGRICOM-2026 | 1 октября
СЕССИЯ «Казахстан — Китай: стратегическое партнёрство в торговле зерном и масличными»
На сессии эксперты обсудят, на какую продукцию формируется новый спрос, что нужно Казахстану, чтобы стать для Китая не просто удобным, а стратегическим поставщиком, и где конкуренция с Россией на китайском рынке может сменяться взаимодополнением.
Формат проведения: экспертная дискуссия.
Эксперты:
- Максим МИНЕНКО, эксперт по аграрному рынку КНР, международной торговле и логистике, директор по развитию бизнеса в КНР ГК «Европак»;
- Liu Yuguang (刘宇光), директор Даляньской товарной биржи (DCE);
- Представитель Комитета государственной инспекции в АПК МСХ РК;
- Yuan Zheng (袁征), компания 深圳市中尚鹏贸易有限公司 (正东集团 — Forward East Group;
- Представитель АО «НК «Продовольственная контрактная корпорация».
О чём будет разговор?
Спрос Китая до 2030 года — как будет меняться импорт кормового зерна и масличных, в каких сегментах спрос сохранится или вырастет и как казахстанским экспортёрам занять в них устойчивую позицию.
Кто реально зарабатывает — и кто несёт риск.
Разберём маржу и риск по всей цепочке — от поля до китайского маслозавода. Почему «трейдер забирает всю маржу» — миф, и почему казахстанский экспортёр часто не знает конечного покупателя.
От партнёра к стратегическому поставщику — что особенно важно Китаю: надёжность, качество, стабильность поставок; какую роль сыграют госплатформы, долгосрочные контракты и переработка.
Казахстан и Россия на рынке Китая — в чём сильные стороны Казахстана (качество, логистика, гибкость) и где конкуренция может смениться разделением ниш.
Ключевые темы дискуссии:
- какие форматы сотрудничества (биржевые инструменты DCE, госплатформы, долгосрочные контракты) усилят позиции Казахстана;
- как выстроить стабильный доступ к рыночной информации КНР — котировкам, балансам и объёмам импорта;
- какие требования по качеству и логистике предъявляет китайский покупатель;
- где проходит граница между прямой конкуренцией с Россией и разделением рыночных ниш.
Главный вопрос сессии: как превратить растущий интерес китайского рынка в устойчивую, долгосрочную стратегию казахстанского агроэкспорта?
30 сентября – 1 октября 2026 года
Rixos President Astana, г. Астана
* * *
AGRICOM-2026 конференциясының сессияларын таныстырамыз | 1 қазан
СЕССИЯ «Қазақстан — Қытай: астық және майлы дақылдар саудасындағы стратегиялық әріптестік»
Сессия барысында сарапшылар қандай өнімдерге жаңа сұраныс қалыптасып жатқанын, Қазақстанның Қытай үшін жай ғана қолайлы емес, стратегиялық жеткізушіге айналуы үшін не қажет екенін, сондай-ақ Қытай нарығында Ресеймен бәсекелестіктің қай тұста өзара толықтыруға ұласуы мүмкін екенін талқылайды.
Өткізу форматы: сараптамалық пікірталас.
Сарапшылар:
- Максим МИНЕНКО — ҚХР аграрлық нарығы, халықаралық сауда және логистика жөніндегі сарапшы, «Европак» компаниялар тобының ҚХР-дағы бизнесті дамыту жөніндегі директоры;
- Liu Yuguang (刘宇光) — Далянь тауар биржасының (DCE) директоры;
- ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өкілі;
- Yuan Zheng (袁征) — 深圳市中尚鹏贸易有限公司 компаниясы (正东集团 — Forward East Group);
- «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы «Ұлттық компаниясы» АҚ өкілі.
Не туралы сөз болады?
Қытайдың 2030 жылға дейінгі сұранысы — жемдік астық пен майлы дақылдар импорты қалай өзгереді, қандай сегменттерде сұраныс сақталады немесе өседі және қазақстандық экспорттаушылар бұл нарықтарда тұрақты позицияны қалай иелене алады.
Іс жүзінде кім табыс табады және тәуекелді кім көтереді?
Егістіктен бастап Қытайдағы май өңдеу зауытына дейінгі бүкіл тізбек бойынша маржа мен тәуекелді талқылаймыз. Неліктен «трейдер барлық маржаны алып қояды» деген түсінік — жаңсақ пікір және неге қазақстандық экспорттаушы көбінесе түпкілікті сатып алушыны білмейді?
Әріптестен стратегиялық жеткізушіге дейін — Қытай үшін не аса маңызды: сенімділік, сапа, жеткізілімдердің тұрақтылығы; мемлекеттік платформалар, ұзақ мерзімді келісімшарттар және қайта өңдеу қандай рөл атқарады?
Қазақстан мен Ресей Қытай нарығында — Қазақстанның күшті жақтары неде (сапа, логистика, икемділік) және қай тұста бәсекелестік нарықтық тауашаларды бөлуге ұласуы мүмкін?
Пікірталастың негізгі тақырыптары:
- ынтымақтастықтың қандай форматтары (DCE биржалық құралдары, мемлекеттік платформалар, ұзақ мерзімді келісімшарттар) Қазақстанның позициясын күшейтеді;
- ҚХР нарығы туралы ақпаратқа — баға белгіленімдеріне, баланстар мен импорт көлемдеріне тұрақты қолжетімділікті қалай жолға қоюға болады;
- қытайлық сатып алушы сапа мен логистикаға қандай талаптар қояды;
- Ресеймен тікелей бәсекелестік пен нарықтық тауашаларды бөлу арасындағы шекара қай жерде өтеді?
Сессияның басты сұрағы: Қытай нарығының артып келе жатқан қызығушылығын Қазақстанның агроэкспортының тұрақты әрі ұзақ мерзімді стратегиясына қалай айналдыруға болады?
2026 жылғы 30 қыркүйек – 1 қазан
Rixos President Astana, Астана қ.