«Қазақстанның астық одағы» ЗТБ Талдау комитетінің деректері бойынша, EXW – элеватор (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) шарттарындағы бағалар, 16% ҚҚС-ты қоса алғанда, мың теңге/т:
▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 23–24%) – 88–92 ▶️ (0)
▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 25–26%) – 90–94 ▶️ (0)
▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 27%) – 95–100 ▶️ (0)
▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 28–29%) – 100–105 ▶️ (0)
▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 30+) – 106–110 ▶️ (0)
▪️ 4-сыныпты бидай – 84–87 (+1)
▪️ 5-сыныпты бидай – 80–84 (+1)
▪️ Жемдік арпа – 65–69 (+2)
▪️ Зығыр тұқымы – 180–185 ▶️ (0)
ҚР Ұлттық Банкінің валюта бағамдары:
446,56 теңге/$ (-4,35)
5,30 теңге/₽ (-0,30)
512,34 теңге/€ (-10,35)
66,68 теңге/¥ (-0,54)
Экспорттық бағалар, USD/тонна:
▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 23–24%) – 258–262 DAP Сарыағаш (+5)
▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 25–26%) – 260–265 DAP Сарыағаш (+5)
▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 27%) – 263–268 DAP Сарыағаш (+4)
▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 28–29%) – 276–281 DAP Сарыағаш ▶️ (0)
▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 30+) – 287–291 DAP Сарыағаш ▶️ (0)
▪️ 4-сыныпты бидай – 245–250 DAP Сарыағаш ▶️ (0)
▪️ 5-сыныпты бидай – 236–240 DAP Сарыағаш ▶️ (0)
▪️ Арпа – 193–198 DAP Сарыағаш (+3)
▪️ Арпа – 195–200 FOB Ақтау ▶️ (0)
▪️ Арпа – 200–205 DAP Достық/Алтынкөл (+3)
▪️ Зығыр тұқымы – 425–430 FCA – жөнелту станциясы (-5)
▪️ Зығыр тұқымы – 465–470 DAP Достық/Алтынкөл ▶️ (0)
Бидай ұны, DAP Сарыағаш жеткізу шарттары, USD/т:
▪️ 1-сұрыпты ұн – 295–300 ▶️ (0)
▪️ Жоғары сұрыпты ұн – 390–395 ▶️ (0)
Бидай-арпа жемдік қоспасы (жемдік ұн), DAP Алашанькоу/Қорғас жеткізу шарттары, USD/т:
▪️ протеин 12+% – 245–250 ▶️ (0)
Ішкі нарық
Өткен аптада ішкі нарықта тепе-теңдік сақталды.
↔️ 4 және 5-сыныптарды қоспағанда, бидайдың барлық түрлері бойынша ішкі бағалар өзгерген жоқ.
⬆️ 4 және 5-сыныпты бидай бағасы 1 мың теңге/т-ға өсті. Себебі – олардың жаңа өнімдегі үлесінің төмен болуы және ішкі нарық тарапынан (құс фабрикалары, жемдік ұн өндірушілер) сұраныстың жоғары болуы.
⬆️ Арпа ішкі нарықта тағы 2 мың теңге/т-ға қымбаттады. Себебі – жемдік ұн өндірушілер мен Қытай және Орталық Азия елдеріне экспорттаушылар тарапынан сұраныстың жандануы.
Валюта нарығы
Өткен аптада теңге АҚШ долларына және басқа валюталарға қатысты нығаюын жалғастырды. Бір сәтте теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 444 теңгеден төмен түсті. Сауда-саттық қорытындысы бойынша бір аптада теңге АҚШ долларына қатысты 0,96%-ға нығайды.
ЕТС биржасы
Өткен аптада ЕТС биржасында үш сауда күні ішінде жалпы көлемі 4 056 тонна (бір апта бұрын – 5 101 т) жұмсақ бидайды сату бойынша үш мәміле (бір апта бұрын – 3) жасалды. Жеткізу шарттары – EXW – желілік элеватор, 16% ҚҚС-ты қоса алғанда:
▪️ желімшесі 25–26% болатын 3-сыныпты жұмсақ бидайдың 1 856 тоннасы – 102 мың теңге/т;
▪️ желімшесі 23% болатын 3-сыныпты жұмсақ бидайдың 2 мың тоннасы – 98 мың теңге/т;
▪️ 5-сыныпты жұмсақ бидайдың 200 тоннасы – 80 мың теңге/т.
Сондай-ақ EXW – желілік элеватор шарттарымен, 16% ҚҚС-ты қоса алғанда, жұмсақ бидайды сатуға көптеген өтінімдер болды:
▪️ желімшесі 23–24% болатын 3-сыныпты бидай – 98–99 мың теңге/т;
▪️ желімшесі 25–26% болатын 3-сыныпты бидай – 104–107 мың теңге/т;
▪️ желімшесі 27–28% болатын 3-сыныпты бидай – 109–110 мың теңге/т;
▪️ желімшесі 29–30% болатын 3-сыныпты бидай – 112–113 мың теңге/т;
▪️ желімшесі 31+% болатын 3-сыныпты бидай – 116–117 мың теңге/т;
▪️ 4-сыныпты бидай – 90 мың теңге/т (тек құс фабрикалары үшін);
▪️ 5-сыныпты бидай – 80 мың теңге/т;
▪️ 2-сыныпты арпа – 80 мың теңге/т.
Аталған лоттар бойынша мәмілелер жасалған жоқ.
Экспорт
Астықты экспортқа жөнелту қарқыны айтарлықтай өсті. Тиеу/түсіру станцияларындағы вагондардың тұрып қалуына байланысты вагондардың өткір тапшылығы байқалуда.
Бұған дейін хабарланғандай, 21 қыркүйектен бастап ҚТЖ-ның магистральдық теміржол желісі қызметтеріне тарифтері 23,5%-ға көтерілді. МГСП Сарыағаш бағытындағы экспорттық жүк қатынасында теміржол тарифінің өсуі 2–3 USD/т, ал ішкі қатынаста 1 USD/т болады.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 2 қыркүйекте Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ТМРК) «ҚТЖ-Жүк тасымалы» өтінімін қарап, 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап сұйытылған газ бен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тасымалдауды қоспағанда, локомотив тартқышы қызметтерінің бағасын 23,5%-ға көтеру туралы шешім қабылдады.
❗️Логистика құнының өсуі қазақстандық бидайдың барлық түрлері бойынша экспорттық бағалардың қымбаттауына алып келеді.
⬆️ Өткен аптада бидайдың кейбір түрлері бойынша экспорттық бағалар өсті:
▪️ желімшесі 23–24% және 25–26% болатын 3-сыныпты бидай 5 USD/т-ға қымбаттады;
▪️ желімшесі 27% болатын 3-сыныпты бидай бағасы 4 USD/т-ға өсті.
Негізгі себептер – ҚТЖ теміржол тарифінің өсуі және теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы.
Орталық Азия елдерінің импорттаушылары қорлардың болмауы және жоғары сапалы шикізатқа қажеттілік салдарынан қазақстандық бидайды ағымдағы бағалармен сатып алуды жалғастыруда. Ресейден бидай Қазақстанға да, Орталық Азия елдеріне де келіп түсуде. Ресейлік дереккөздердің ақпараты бойынша, қыркүйектің алғашқы онкүндігінде РФ-дан Орталық Азия елдеріне транзиттік бағытта бидай жөнелту көлемі 30 мың тоннаны құрады.
↔️ Бидайдың қалған түрлері бойынша экспорттық бағалар өткен аптада өзгерген жоқ.
⬆️ Арпаның экспорттық бағасы DAP Сарыағаш және DAP Достық/Алтынкөл шарттарында 3 USD/т-ға өсті.
↔️ FOB Ақтау шарттарында бағалар өзгерген жоқ.
Қытай және Орталық Азия елдері бағыттарында арпа экспорты жандануда.
Иран бағытында арпа экспорты тоқырауда. Бос флоттың өткір тапшылығының жалғасуына байланысты бір апта ішінде Ақтаудан Иранның солтүстік порттарына дейінгі фрахт тағы 10 USD/т-ға қымбаттап, 70 USD/т-ға, ал Астраханнан 16 USD/т-ға қымбаттап, 110 USD/т-ға жетті. Бұл – бұрын-соңды болмаған жағдай: аталған бағыттарда мұндай фрахт мөлшерлемелері тарихта болған емес❗
Зығыр тұқымы
Өткен аптада зығыр тұқымының бағасы әртүрлі бағытта өзгерді.
↔️ Ішкі нарықта EXW бағасы өзгерген жоқ – 180–185 мың теңге/т (~403–414 USD/т).
⬇️ FCA Kazakhstan жеткізу шарттарындағы экспорттық баға 5 USD/т-ға төмендеп, 425–430 USD/т болды.
⬇️ DAP Польша шарттарындағы қазақстандық қоңыр зығырдың (тазалығы 97%) бағасы 5 EUR/т-ға төмендеп, 495–500 EUR/т болды. Себебі – Украинадан зығыр ұсынысының көп болуы, сондай-ақ Қазақстаннан ұсыныстардың көптігі.
↔️ C&F ARAG шарттарындағы қазақстандық зығыр бағасы өзгерген жоқ – қазан айында жөнелтумен 630 USD/т.
Себептері:
▪️ РФ және Балтық елдерінің аумағы арқылы өтетін логистиканың айтарлықтай қымбаттауы;
▪️ Парсы шығанағы мен РФ-дан мұнай жеткізілімдерінің тұрақсыздығына байланысты ЕО-да биодизель өндіруге арналған шикізат ретінде рапс пен рапс майының айтарлықтай қымбаттауы;
▪️ әлемдік нарықтағы балық майының тапшылығы, бұл омега-3-тің баламалы көздеріне сұранысты арттыруда.
↔️ DAP Достық/Алтынкөл шарттарындағы қазақстандық зығыр бағасы өзгерген жоқ – 465–470 USD/т.
Ауа райы
Өткен аптада еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде ауа райы тұрақсыз болып, мезгіл-мезгіл жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауды. Күндіз ауа температурасы +12...+22°С, түнде +8...+12°С аралығында болды.
Синоптиктердің болжамы бойынша, ағымдағы аптада Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде айтарлықтай жауын-шашынсыз, біршама жылы ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасы +19...+24°С, түнде +11...+16°С болады.
Ауа райы жағдайлары егін жинауға қолайлы болады.
Егін жинау
Қазақстанда жаппай егін жинау науқаны жалғасуда.
18 қыркүйекте Премьер-Министрдің орынбасары С.М. Жұманғариннің төрағалығымен өткен егін жинау науқанын өткізу мәселелері жөніндегі жедел штаб отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова егін жинау барысы туралы баяндады:
«Биыл еліміздегі жалпы егіс алаңы 24,2 млн гектарды құрайды, оның ішінде 15,6 млн гектары дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарға тиесілі. Бүгінгі таңда 11,3 млн гектар жиналды, орташа өнімділік 14,2 ц/га құрайды.
Майлы дақылдардың 1,5 млн гектары жиналды. Орташа өнімділік 9,7 ц/га болған кезде 1,4 млн тонна майлы дақыл тұқымы бастырылды...»
Сондай-ақ жедел штаб отырысында жаңа өнімді тасымалдау және өткізу мәселелері қаралды.
«Жаңа өнімді жинау басталған тамыз айында тасымалдаудың рекордтық көлемі тіркелді – 1,157 млн тонна астық, өсім – 35%. Қаңтар–тамыз аралығында 7,1 млн тонна астық экспортталды, оның ішінде Орталық Азия елдеріне 4,8 млн тонна (+37%), соның ішінде Өзбекстанға – 3,6 млн тонна (+50%), Тәжікстанға – 998 мың тонна (+17%) жөнелтілді. ҚХР-ға 562 мың тонна тасымалданды, өсім – 34%».
✅ Қорытынды
❗ Дәнді және майлы дақылдарды жинау қарқыны өткен жылғы деңгейден жоғары.
‼️ Экспортқа жөнелту қарқыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғары.
‼️❗ Дақылдардың басым бөлігі бойынша ішкі және сыртқы нарықтардағы бағалар тұрақты, алайда ҚТЖ теміржол тарифтерінің қымбаттауы және теңге бағамының нығаюы салдарынан бағаның өсу үрдісі байқалады.
* * *
Еженедельный обзор ценовой ситуации на зерновом рынке Казахстана с 14/09/26 по 20/09/26.
По данным Комитета аналитики Зернового Союза Казахстана, цены на условиях EXW - элеватор (Акмолинская, Костанайская, Северо-Казахстанская области), в тыс теңге/т, включая НДС 16%:
▪️Пшеница 3 кл (кл-на 23-24%) - 88 - 92 ▶️ (0)
▪️Пшеница 3 кл (кл-на 25-26%) - 90 - 94 ▶️ (0)
▪️Пшеница 3 кл (кл-на 27%) - 95 - 100 ▶️ (0)
▪️Пшеница 3 кл (кл-на 28-29%) - 100 - 105 ▶️ (0)
▪️Пшеница 3 кл (кл-на 30+) - 106 - 110 ▶️ (0)
▪️Пшеница 4 кл - 84 - 87 (+1)
▪️Пшеница 5 класса - 80 - 84 (+1)
▪️Ячмень фуражный - 65 - 69 (+2)
▪️Семена льна - 180 - 185 ▶️ (0)
-----------------------------------------------
Курсы валют Нацбанка РК:
446,56 теңге/$ (-4,35)
5,30 теңге/₽ (-0,30)
512,34 теңге/€ (-10,35)
66,68 теңге/¥ (-0,54)
---------------------------------------------
Экспортные цены, USD/тонна:
▪️Пшеница 3 кл (кл-на 23-24 %) - 258 - 262 DAP Сарыагаш (+5)
▪️Пшеница 3 кл (кл-на 25-26%) - 260 - 265 DAP Сарыагаш (+5)
▪️Пшеница 3 Кл (кл-на 27%) - 263 - 268 DAP Сарыагаш (+4)
▪️Пшеница 3 Кл (кл-на 28-29%) - 276 - 281 DAP Сарыагаш ▶️ (0)
▪️Пшеница 3 Кл (кл-на 30+) - 287-291 DAP Сарыағаш ▶️ (0)
▪️Пшеница 4 кл - 245 - 250 DAP Сарыагаш ▶️ (0)
▪️Пшеница 5 кл - 236 - 240 DAP Сарыагаш ▶️ (0)
▪️Ячмень - 193 - 198 - DAP Сарыагаш (+3)
▪️Ячмень - 195 - 200 FOB Актау ▶️ (0)
▪️Ячмень - 200 - 205 DAP Достык/Алтынколь (+3)
▪️Семена льна - 425 - 430 FCA - станция отправления (-5);
▪️Семена льна - 465 - 470 DAP Достык/Алтынколь ▶️ (0)
Мука пшеничная, условия поставки DAP Сарыагаш, USD/t:
▪️Мука 1 с. - 295 - 300 ▶️ (0)
▪️Мука в/с - 390 - 395 ▶️ (0)
Пшенично-ячменная кормовая смесь (кормовая мука), условия поставки DAP Алашанькоу / Хоргос, USD/t:
▪️протеин 12+% - 245-250 ▶️ (0)
Внутренний рынок:
На прошедшей неделе внутренний рынок находился в равновесии.
↔️ Внутренние цены на всю номенклатуру пшеницы, за исключением 4 и 5 классов не изменились.
⬆️ На пшеницу 4 и 5 классов цены выросли на 1 тыс теңге/т. Причина - невысокая доля в новом урожае и повышенный спрос со стороны внутреннего рынка (птицефабрики, производители кормовой муки).
⬆️ Ячмень продолжил дорожать на внутреннем рынке на 2 тыс теңге/т. Причина - оживление спроса со стороны производителей кормовой муки и экспортеров в Китай и страны Центральной Азии.
Валютный рынок:
На прошедшей неделе курс теңге продолжал укрепляться к доллару США и другим валютам. В моменте, курс теңге к доллару США опускался ниже 444 тенге. По итогам торгов, за неделю укрепление теңге к доллару США составило 0,96%.
Биржа ЕТС:
За прошедшую неделю на бирже ЕТС в течение трех торговых дней были заключены три сделки (3 неделей ранее) по продаже мягкой пшеницы в общем количестве 4 056 тонн (5 101 т неделей ранее), на условиях EXW - линейный элеватор, включая НДС 16%:
▪️ 1 856 тонн пшеницы мягкой 3 класса с кл 25-26, по цене 102 тыс теңге /т;
▪️ 2 тыс тонн пшеницы мягкой 3 класса с кл 23, по цене 98 тыс теңге /т;
▪️200 тонн пшеницы мягкой 5 класса, по цене 80 тыс теңге /т.
Также было много заявок на продажу пшеницы мягкой на условиях EXW - линейный элеватор, включая НДС 16%:
▪️ 3 класса с Кл 23-24 по ценам 98-99 тыс теңге/т;
▪️ 3 класса с Кл 25-26 по ценам 104-107 тыс теңге/т;
▪️ 3 класса с Кл 27-28 по ценам 109-110 тыс теңге/т;
▪️ 3 класса с кл 29-30, по ценам 112-113 тыс теңге /т;
▪️ 3 класса с Кл 31+ по ценам 116-117 тыс теңге/т;
▪️ 4 класса по цене 90 тыс теңге/т (только для птицефабрик);
▪️ 5 класса по цене 80 тыс теңге/т.
▪️ Также был предложен ячмень 2 класса по цене 80 тыс теңге/т.
Сделки по данным лотам не состоялись.
Экспорт:
Темпы отгрузки зерна на экспорт существенно выросли. Наблюдается острый дефицит вагонов, связанными с простоями на станциях погрузки/выгрузки.
Ранее сообщалось, что с 21 сентября жд тарифы КТЖ на услуги магистральной жд сети увеличены на 23,5%. Повышение жд тарифа в экспортном грузовом сообщении в направлении МГСП Сарыағаш срставит 2-3 USD/t, во внутреннем сообщении на 1 USD/t.
Кроме того, 2 сентября 2026 года Комитет по регулированию естественных монополий (КРЕМ), рассмотрел заявку КТЖ-Грузовые перевозки и принял решение с 1 декабря 2026 года утвердить цены на локомотивную тягу с ростом на 23,5%, за исключением перевозки сжиженного газа и социально значимых продовольственных товаров.
❗️Повышение стоимости логистики приведет к увеличению экспортных цен на всю номенклатуру казахстанской пшеницы.
⬆️ На прошедшей неделе экспортные цены на некотоую номенклатуру пшеницы повысились:
▪️на 5 USD/t подорожала пшеница 3 класса с кл 23-24 и 25-26;
▪️на 4 USD/t повысилась цена на пшеницу 3 класса с Кл 27.
Основные причины: увеличение жд тарифа КТЖ и укрепление курса теңге к доллару США.
Импортеры из стран Центральной Азии продолжают закупки казахстанской пшеницы по текущим ценам по причине отсутствия запасов и потребности в высококачественном сырье. Пшеница из РФ продолжает поступать, как в Казахстан, так и в страны Центральной Азии. По информации российских источников, отгрузки пшеницы из РФ в транзитном направлении в страны Центральной Азии за первую декаду сентября составили 30 тыс т.
↔️ Экспортные цены на остальную номенклатуру пшеницы на прошлой неделе без изменений.
⬆️ Экспортные цены на ячмень повысились на 3 USD /t на условиях DAP Сарыагаш и DAP Достык/Алтынколь.
↔️ На условиях FOB Актау цены не изменились.
Экспорт ячменя активизируется в направлениях Китая и стран Центральной Азии.
В направлении Ирана экспорт ячменя стагнирует. По причине продолжающегося острого дефицита свободного флота, за неделю фрахт из Актау в северные порты Ирана в очередной раз подорожал на 10 USD/t, до 70 USD/t, а из Астрахани - на 16 USD/t, до 110 USD/t. Это беспрецедентный случай - никогда в истории не было таких фрахтовых ставок по данным направлениям❗
Семена льна:
На прошедшей неделе цены на семена льна имели разнонаправленные тенденции.
↔️ На внутреннем рынке цена EXW не изменилась - 180 - 185 тыс теңге/т (~403 - 414 USD/t);
⬇️ Экспортная цена на условиях поставки FCA Kazakhstan снизилась на 5 USD/t, до 425 - 430 USD/t.
⬇️ Цена на казахстанский коричневый лен (чистота 97%) на условиях DAP Польша снизилась на 5 EUR /t, до 495-500 EUR/t. Причина - большое предложение льна из Украины, а также много предложений из Казахстана.
↔️ Цена на казахстанский лен на условиях C&F ARAG не изменилась - 630 USD/t, с отгрузкой в октябре.
Причины:
▪️ значительное удорожание логистики через территорию РФ и стран Балтии;
▪️существенное подорожание рапса и рапсового масла в ЕС, как сырья для производства биодизеля, в связи с нестабильностью поставок нефти из Персидского залива и РФ;
▪️дефицит рыбьего жира на мировом рынке, повышающий спрос на альтернативные источники омега-3.
↔️ Цена казахстанского льна на условиях DAP Достык / Алтынколь не изменилась - 465 - 470 USD/t.
Погода:
На прошедшей неделе в северных, центральных и восточных регионов страны была неустойчивая погода, временами дожди, местами сильные. Температура воздуха днем колебалась от +12 до +22°С и ночью +8+12°С.
По прогнозам синоптиков, на текущей неделе в северных, центральных и восточных регионах Казахстана ожидается достаточно теплая погода, без существенных осадков. Температура воздуха днем +19+24°С и +11+16°С ночью.
Погодные условия будут благоприятны для уборки урожая.
Уборка урожая:
В Казахстане продолжается массовая уборочная кампания.
18 сентября на заседании оперативного штаба по вопросам проведения уборочной кампании под председательством заместителя Премьер-министра С.М. Жумангарина, Вице-министр сельского хозяйства Назгуль Хатепова доложила о ходе уборочной кампании. "В текущем году общая посевная площадь в стране составляет 24,2 млн га, из них 15,6 млн га приходится на зерновые и зернобобовые культуры. На сегодняшний день убрано 11,3 млн га, средняя урожайность составляет 14,2 ц/га.
Убрано 1,5 млн га масличных культур. При средней урожайности 9,7 ц/га намолочено 1,4 млн тонн маслосемян..."
Также на заседании оперштаба были рассмотрены вопросы транспортировки и реализации нового урожая. "С началом уборки нового урожая в августе зафиксирован рекордный объем перевозок — 1,157 млн тонн зерна, рост 35%. За январь–август экспортировано 7,1 млн тонн зерна, из них 4,8 млн тонн направлено в страны Центральной Азии (+37%), в том числе в Узбекистан — 3,6 млн тонн (+50%), Таджикистан – 998 тыс. тонн (+17%). В КНР перевезено 562 тысяч тонн, рост 34%".
✅ Резюме:
❗Темпы уборки зерновых и масличных выше, чем в прошлом году.
‼️ Темпы отгрузки на экспорт выше, чем в аналогичном периоде прошлого года.
‼️❗На большинство культур цены на внутреннем и внешнем рынках стабильны, с тенденцией к увеличению по причине подорожания жд тарифов КТЖ и укрепления курса теңге.