usdeurrubcny
Аккредитован в Министерстве сельского хозяйства Республики Казахстан
Аккредитован в Национальной палате предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен»
Уборка зерновых в Казахстане завершена на 83%. 29.09.2026 в 14:53 78 просмотров

В текущем году во всех регионах республики продолжается уборочная кампания, а на юге страны сбор урожая близится к завершению. Благодаря мерам Правительства по обеспечению доступным финансированием аграрии смогли своевременно провести необходимые агротехнические мероприятия. Об этом на заседании Правительства сообщил вице-министр сельского хозяйства Азат Султанов.

В отрасли продолжается системная работа по диверсификации посевных площадей и сокращению доли пшеницы в пользу более высокорентабельных культур. Начиная с 2024 года площади масличных культур увеличены на 2,2 млн га и составили 5,2 млн га, а площади кукурузы за два года выросли на 120 тыс. га. В результате доля зерновых культур в структуре посевов снизилась с 72% до 66%, а доля масличных увеличилась с 13% до 18%.

Общая уборочная площадь составляет 24,2 млн га, из которых более 15,6 млн га приходится на зерновые и зернобобовые культуры. Работы проводятся с опережением прошлогодних темпов: на сегодняшний день убрано 13,5 млн га зерновых, или 83%, при средней урожайности 14,7 ц/га намолочено 19,9 млн тонн зерна. Прогнозируемый валовой сбор зерновых выше среднемноголетних значений, что позволит в полной мере обеспечить внутренний рынок продовольствием, фуражом и семенами, а также сохранить объемы экспорта.

Уборочная площадь масличных составляет 2,4 млн га при прогнозе рекордного урожая маслосемян свыше 5 млн тонн. Кроме того, собрано 2,9 млн тонн овощей, 2,3 млн тонн бахчевых и 2,5 млн тонн картофеля, а в хлопководстве при урожайности 32 ц/га собрано 70,5 тыс. тонн хлопка-сырца с расширением капельного орошения с 3 тыс. до 80 тыс. га.

В ряде регионов уборка находится на завершающей стадии: в Западно-Казахстанской области она завершена полностью, а в Восточно-Казахстанской, Павлодарской, Жамбылской и Карагандинской областях убрано более 95% площадей.

Для проведения уборочных работ регионам было выделено 401 тыс. тонн дизельного топлива, из которых на сегодня отгружено 268 тыс. тонн, или 67%, а с учетом осадков на сушку зерна дополнительно выделено 41,3 тыс. тонн дизтоплива. В уборочной кампании задействовано 130 тыс. тракторов, 29 тыс. зерноуборочных комбайнов, 17 тыс. жаток и 130 тыс. единиц прочей техники, включая машины по программам льготного лизинга и инвестиционного субсидирования, что позволило снизить уровень изношенности парка до 70% и довести уровень его обновления до 6,5%.

Параллельно ведется подготовка к следующему сезону. План внесения удобрений на текущий год составляет 2,3 млн тонн, из которых уже внесено 2,1 млн тонн, или 66% от научной нормы. Под урожай 2027 года засыпано 2 млн тонн семян при потребности 2,3 млн тонн. Для качественного мониторинга земель Министерство разрабатывает Информационную систему управления земельными ресурсами на базе цифровой сельскохозяйственной карты. По программе льготного кредитования весенне-полевых и уборочных работ профинансировано порядка 5,8 тыс. субъектов агропромышленного комплекса на 665 млрд теңге, а по форвардному закупу законтрактовано 480 тыс. тонн продукции на сумму порядка 32 млрд теңге.

Для хранения урожая общая емкость зернохранилищ по республике составляет 30,5 млн тонн, при этом на лицензированные элеваторы поступило 4,9 млн тонн зерна нового урожая, что на 20% превышает прошлогодний показатель (74% из поступившей мягкой пшеницы составляют высококлассные сорта). В сфере хранения овощей введено 95 объектов мощностью 746 тыс. тонн, доведя общий объем хранения до 2,5 млн тонн, а до конца года планируется ввести еще 15 объектов на 129 тыс. тонн.

Главой государства поставлена задача войти в число десяти ведущих мировых производителей и поставщиков продуктов глубокой переработки зерна. В этой связи, до 2029 года планируется поэтапная реализация 6 крупных инвестиционных проектов по глубокой переработке зерна мощностью 5,8 млн тонн, общей стоимостью $4 млрд. В 2026 году введены два проекта по глубокой переработке кукурузы. ТОО «Казкрахмал» в Туркестанской области. и проект Fufeng Group в Жамбылской области.

Отдельная работа проводится в сфере переработки сахарной свеклы, имеющей важное социально-экономическое значение. Так, завершена модернизация двух сахарных заводов, что позволит увеличить производство сахара из отечественного сырья. Коксуский сахарный завод увеличивает мощность переработки до 3 тыс. тонн сахарной свеклы в сутки. На Таразском сахарном заводе в Жамбылской области запускается линия по переработке сахарной свеклы мощностью 3 тыс. тонн сырья в сутки. Общий объем инвестиций по двум проектам составляет 22,4 млрд тенге. Запуск заводов и начало приемки запланирован на октябрь текущего года.

* * *

Қазақстанда дәнді дақылдарды жинау 83%-ға аяқталды

Биыл республиканың барлық өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда, ал елдің оңтүстігінде орақ жұмыстары аяқталуға жақын. Үкіметтің аграршыларды қолжетімді қаржыландырумен қамтамасыз ету жөніндегі шараларының арқасында шаруалар қажетті агротехникалық жұмыстарды уақтылы жүргізе алды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді.

Салада егіс алқаптарын әртараптандыру және бидай үлесін жоғары рентабельді дақылдардың пайдасына қысқарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. 2024 жылдан бастап майлы дақылдар алқабы 2,2 млн гектарға ұлғайып, 5,2 млн гектарға жетті, ал жүгері егістігінің көлемі екі жылда 120 мың гектарға артты. Нәтижесінде егіс құрылымындағы дәнді дақылдардың үлесі 72%-дан 66%-ға дейін төмендеді, ал майлы дақылдардың үлесі 13%-дан 18%-ға дейін өсті.

Жалпы егін жинау алаңы 24,2 млн гектарды құрайды, оның 15,6 млн гектардан астамы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарға тиесілі. Жұмыстар өткен жылғы қарқыннан озық жүргізілуде: бүгінгі таңда 13,5 млн гектар дәнді дақыл жиналды, бұл 83%-ды құрайды. Орташа өнімділік 14,7 ц/га болған кезде 19,9 млн тонна астық бастырылды. Дәнді дақылдардың болжамды жалпы түсімі көпжылдық орташа көрсеткіштерден жоғары болады деп күтілуде. Бұл ішкі нарықты азық-түлікпен, жемшөппен және тұқыммен толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ экспорт көлемін сақтауға мүмкіндік береді.

Майлы дақылдардың жинау алаңы 2,4 млн гектарды құрайды. Майлы дақылдар тұқымының рекордтық өнімі 5 млн тоннадан асады деп болжануда. Сонымен қатар 2,9 млн тонна көкөніс, 2,3 млн тонна бақша дақылдары және 2,5 млн тонна картоп жиналды. Мақта шаруашылығында орташа өнімділік 32 ц/га болған кезде 70,5 мың тонна шитті мақта жиналды. Тамшылатып суару алаңы 3 мың гектардан 80 мың гектарға дейін кеңейтілді.

Бірқатар өңірлерде егін жинау аяқталу сатысында. Батыс Қазақстан облысында орақ толығымен аяқталды, ал Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл және Қарағанды облыстарында алқаптардың 95%-дан астамы жиналды.

Егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін өңірлерге 401 мың тонна дизель отыны бөлінді. Оның 268 мың тоннасы немесе 67%-ы бүгінгі таңда жөнелтілді. Жауын-шашынға байланысты астықты кептіруге қосымша 41,3 мың тонна дизель отыны бөлінді. Орақ науқанына 130 мың трактор, 29 мың астық жинайтын комбайн, 17 мың жатка және 130 мың бірлік өзге техника жұмылдырылды. Оның ішінде жеңілдетілген лизинг және инвестициялық субсидиялау бағдарламалары бойынша алынған техника да бар. Бұл техника паркінің тозу деңгейін 70%-ға дейін төмендетуге және жаңарту деңгейін 6,5%-ға жеткізуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар келесі маусымға дайындық жүргізілуде. Биыл минералды тыңайтқыштарды енгізу жоспары 2,3 млн тоннаны құрайды. Оның 2,1 млн тоннасы енгізілді, бұл ғылыми негізделген норманың 66%-ына тең. 2027 жылғы өнімге қажетті 2,3 млн тонна тұқымның 2 млн тоннасы дайындалды.

Жер ресурстарын сапалы мониторингтеу үшін министрлік цифрлық ауыл шаруашылығы картасы негізінде Жер ресурстарын басқарудың ақпараттық жүйесін әзірлеуде. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша агроөнеркәсіптік кешеннің шамамен 5,8 мың субъектісі 665 млрд теңгеге қаржыландырылды. Форвардтық сатып алу аясында шамамен 32 млрд теңгеге 480 мың тонна өнім келісімшартқа алынды.

Егінді сақтау үшін республика бойынша астық қоймаларының жалпы сыйымдылығы 30,5 млн тоннаны құрайды. Лицензияланған элеваторларға жаңа өнімнің 4,9 млн тоннасы түсті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 20%-ға жоғары. Қабылданған жұмсақ бидайдың 74%-ын жоғары сыныпты бидай құрайды.

Көкөністерді сақтау саласында жалпы қуаты 746 мың тонна болатын 95 нысан пайдалануға берілді. Нәтижесінде сақтау сыйымдылығы 2,5 млн тоннаға жетті. Жыл соңына дейін тағы 129 мың тоннаға арналған 15 нысанды іске қосу жоспарланған.

Мемлекет басшысы Қазақстанды астықты терең өңдеу өнімдерін өндіретін және жеткізетін әлемдегі жетекші он елдің қатарына енгізу міндетін қойды. Осыған байланысты 2029 жылға дейін астықты терең өңдеу бойынша жалпы қуаты 5,8 млн тонна болатын, жалпы құны 4 млрд АҚШ долларын құрайтын 6 ірі инвестициялық жобаны кезең-кезеңімен іске асыру жоспарланған.

2026 жылы жүгеріні терең өңдеу бойынша екі жоба іске қосылды: Түркістан облысындағы «Казкрахмал» ЖШС және Жамбыл облысындағы Fufeng Group жобасы.

Әлеуметтік-экономикалық маңызы жоғары қант қызылшасын өңдеу саласында да жеке жұмыс жүргізілуде. Екі қант зауытын жаңғырту аяқталды, бұл отандық шикізаттан қант өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Көксу қант зауыты қант қызылшасын өңдеу қуатын тәулігіне 3 мың тоннаға дейін ұлғайтуда. Жамбыл облысындағы Тараз қант зауытында тәулігіне 3 мың тонна шикізат өңдейтін жаңа желі іске қосылуда. Екі жоба бойынша инвестицияның жалпы көлемі 22,4 млрд теңгені құрайды. Зауыттарды іске қосу және шикізат қабылдауды бастау ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланған.

Ссылка на источник

Вернуться к списку новостей