usdeurrubcny
Аккредитован в Министерстве сельского хозяйства Республики Казахстан
Аккредитован в Национальной палате предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен»
Қазақстанның астық нарығындағы баға жағдайына 05.10.26–11.10.26 аралығындағы апталық шолу 12.10.2026 в 13:36 46 просмотров

«Қазақстанның астық одағы» ЗТБ Талдау комитетінің деректері бойынша, EXW – элеватор (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) шарттарындағы бағалар, 16% ҚҚС қоса алғанда, мың теңге/т:

▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 23–24%) – 89–93 ▶️ (0)

▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 25–26%) – 91–95 ▶️ (0)

 ▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 27%) – 96–100 ▶️ (0)

▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 28–29%) – 100–105 ▶️ (0)

 ▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 30+) – 106–110 ▶️ (0)

▪️ 4-сыныпты бидай – 86–89 ▶️ (0)

▪️ 5-сыныпты бидай – 82–86 ▶️ (0)

▪️ Жемдік арпа – 67–71  (+1)

▪️ Зығыр тұқымы – 180–185 ▶️ (0)

ҚР Ұлттық Банкінің валюта бағамдары:

453,93 теңге/$ (+6,20)

 5,35 теңге/₽ ▶️ (0)

 508,72 теңге/€  (+5,74)

67,83 теңге/¥ (+1,05)

 Экспорттық бағалар, USD/тонна:

▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 23–24%) – 265–270 DAP Сарыағаш ▶️ (0)

 ▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 25–26%) – 267–272 DAP Сарыағаш ▶️ (0)

 ▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 27%) – 269–274 DAP Сарыағаш ▶️ (0)

▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 28–29%) – 282–287 DAP Сарыағаш ▶️ (0)

 ▪️ 3-сыныпты бидай (желімшесі 30+) – 295–300 DAP Сарыағаш ▶️ (0)

▪️ 4-сыныпты бидай – 255–260 DAP Сарыағаш ▶️ (0)

▪️ 5-сыныпты бидай – 245–250 DAP Сарыағаш ▶️ (0)

▪️ Арпа – 205–210 DAP Сарыағаш ▶️ (+5)

 ▪️ Арпа – 205–210 FOB Ақтау ▶️ (0)

▪️ Арпа – 207–212 DAP Достық/Алтынкөл ▶️ (+2)

▪️ Зығыр тұқымы – 430–435 FCA – жөнелту станциясы  (+5)

▪️ Зығыр тұқымы – 482–487 DAP Достық/Алтынкөл  (+2)

Бидай ұны, DAP Сарыағаш жеткізу шарттары, USD/t:

▪️ 1-сұрыпты ұн – 295–300 ▶️ (0)

▪️ Жоғары сұрыпты ұн – 390–395 ▶️ (0)

Бидай-арпа жемдік қоспасы (жемдік ұн), DAP Алашанькоу/Қорғас жеткізу шарттары, USD/t:

▪️ Протеин 12+% – 250–255 ▶️ (0)

Ішкі нарық:

Өткен аптада ішкі нарықтағы белсенділік қалыпты деңгейде болды.

↔️ Бидайдың барлық түрлері бойынша бағалар өзгерген жоқ.

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы «Ұлттық компаниясы» АҚ көктемгі форвардтық сатып алу келісімшарттары бойынша бұған дейін жариялаған астық бағалары ішкі нарықтағы баға қалыптасуына айтарлықтай әсер еткен жоқ.

 Валюта нарығы:

Өткен аптада теңге бағамы Ресей рублін қоспағанда, АҚШ долларына және басқа валюталарға қатысты әлсіреуін жалғастырды. Сауда-саттық қорытындысы бойынша бір апта ішінде АҚШ доллары 1,38%-ға нығайды.

 ЕТС биржасы:

Өткен аптада ЕТС биржасында үш сауда күні ішінде 4-сыныпты жұмсақ бидайды сату бойынша үш мәміле жасалды (бір апта бұрын – 1 мәміле). EXW – желілік элеватор шарттарында, 16% ҚҚС қоса алғанда, жалпы көлемі 15 003 тонна бидай 88 мың теңге/т бағамен сатылды (бір апта бұрын – 53 тонна арпа).

Сондай-ақ EXW – желілік элеватор шарттарында, 16% ҚҚС қоса алғанда, жұмсақ бидайды сатуға көптеген өтінімдер болды:

▪️ 3-сыныпты, желімшесі 23–24% – 95 және 96 мың теңге/т;

▪️ 3-сыныпты, желімшесі 25–26% – 97, 98 және 99 мың теңге/т;

▪️ 3-сыныпты, желімшесі 27–28% – 115 және 116 мың теңге/т;

▪️ 3-сыныпты, желімшесі 29–30% – 117 және 118 мың теңге/т;

▪️ 3-сыныпты, желімшесі 31+ – 119 мың теңге/т;

▪️ 4-сыныпты – 88 мың теңге/т;

▪️ 5-сыныпты – 80 мың теңге/т.

Бұдан бөлек, 2-сыныпты арпа 80 мың теңге/т бағамен ұсынылды.

Аталған лоттар бойынша мәмілелер жасалған жоқ.

Экспорт:

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ инфрақұрылымына шамадан тыс жүктеме түсуіне байланысты астықты экспортқа жөнелту қарқыны төмендеді.

ҚТЖ ақпараты бойынша, қыркүйек айында астық тиеудің рекордтық көлемі тіркелгеннен кейін, қазан айының алғашқы 7 күнінде ҚТЖ желісіндегі вагон ағыны азайған жоқ.

Сарыағаш мемлекетаралық түйісу пункті (МАТП) бағытында 10 мыңнан астам вагон жиналып қалды, бұл нормативтік көрсеткіштен (6 980 вагон) 46%-ға жоғары. Бұл ретте тәулігіне орта есеппен 31 пойыз тапсырылуда.

Салыстыру үшін, дәл бір жыл бұрын осы бағытта шамамен 7 мың вагон жиналған болатын. Яғни қазіргі уақытта бұл бағыттағы вагондар саны өткен жылмен салыстырғанда шамамен 46%-ға көп. Ал өткен жылы тәулігіне орта есеппен 32 пойыз тапсырылған.

Өзбекстан тарапының вагондарды қабылдау көлемі өткен жылғы деңгейде қалып отыр, ал жиналған вагондар саны шамамен 1,5 есеге өсті.

Қазіргі уақытта Өзбекстан тарапынан вагондарды қабылдау көлемінің артуы байқалмайды. Сарыағаш МАТП арқылы пойыздарды тапсыру көлемін ұлғайту жөнінде «Өзбекстан темір жолдары» АҚ-мен (УТЙ) жұмыс жүргізілуде.

Сарыағаш бағытында жиналған вагондар саны азайғаннан кейін ҚТЖ осы бағыттағы жүк жөнелтушілердің қосымша жоспарларын қарастыра бастайды.

Астық тасымалдайтын вагондардың жетекші операторы — «Астық Транс» компаниясы да Қақыр станциясына (Өзбекстан) бағытталған вагондарды беруді уақытша шектеді. Бұған аталған станцияда вагондардың көптеп жиналуы және түсіру қарқынының төмендігі себеп болды.

ҚТЖ 12–31 қазан аралығында Сарыағаш МАТП бағытына тәулігіне 300 вагоннан аспайтын көлемде тиеу шектеуін енгізеді.

Болашақ МАТП бағытында да пойыз қозғалысына қатысты күрделі жағдай қалыптасты.

↔️ Өткен аптада бидайдың барлық түрлері бойынша экспорттық бағалар өзгерген жоқ.

⬆️ DAP Сарыағаш шарттарында арпаның экспорттық бағасы 5 USD/t өсті.

⬆️ DAP Достық/Алтынкөл жеткізу шарттарында арпа бағасы 2 USD/t өсті.

Арпа экспорты Қытай және Орталық Азия елдері бағыттарында жандана түсуде.

↔️ Иран бағытында қазақстандық арпа экспортының тоқырауы жалғасуда. FOB Ақтау бағасы өзгерген жоқ.

Бос флоттың өткір тапшылығы сақталуына байланысты бір апта ішінде Ақтаудан Иранның солтүстік порттарына дейінгі фрахт тағы да 4 USD/t қымбаттап, 100 USD/t-ға, ал Астраханнан 10–13 USD/t қымбаттап, 132–135 USD/t-ға жетті.

Ресейлік дереккөздердің мәліметінше, Иранның солтүстік порттары бағытында флотқа сұраныс артып, негізінен арпа мен жүгеріні жөнелту қарқыны өсуде.

 Зығыр тұқымы:

Өткен аптада негізгі нарықтарда зығыр тұқымының бағасы нығая бастады.

↔️ Ішкі нарықта EXW бағасы өзгерген жоқ – 180–185 мың теңге/т (~397–408 USD/t).

⬆️ FCA Kazakhstan жеткізу шарттарындағы экспорттық баға 5 USD/t өсіп, 430–435 USD/t-ға жетті.

↔️ DAP Польша шарттарындағы қазақстандық қоңыр зығырдың (тазалығы 97%) бағасы өзгерген жоқ – 495–500 EUR/t.

⬆️ C&F ARAG шарттарындағы қазақстандық зығырдың бағасы 5 USD/t өсіп, қараша айында жөнелтумен 645 USD/t-ға жетті.

Негізгі себеп — Ресей астығының көптеп тасымалдануына байланысты Октябрь теміржолының шамадан тыс жүктелуі салдарынан «Ресей темір жолдары» АҚ қазан айында қазақстандық жүк жөнелтушілердің зығырды Эстония және Латвия порттарына тасымалдау жоспарларын мақұлдамауы.

Беларусь пен Литва порттары арқылы өтетін балама бағыт 15–20 USD/t қымбат.

⬆️ DAP Достық/Алтынкөл шарттарындағы қазақстандық зығыр бағасы 2 USD/t өсіп, 482–487 USD/t-ға жетті.

Осылайша, негізгі нарықтарда зығыр тұқымының бағасы нығая бастады және алдағы уақытта одан әрі өсу перспективасы бар.

 Ауа райы:

Өткен аптада еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде негізінен салқын ауа райы сақталып, жаңбыр, кей уақытта қар жауды.

Күндіз ауа температурасы +4-тен +12°С-қа дейін, түнде –2-ден +6°С-қа дейін болды.

Синоптиктердің болжамы бойынша, осы аптада Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде құбылмалы ауа райы күтіледі, кей уақытта жаңбыр жауады.

Күндіз ауа температурасы +6-дан +15°С-қа дейін, түнде –1-ден +7°С-қа дейін болады.

 Егін жинау:

Қазақстанда дәнді дақылдарды жинау науқаны аяқталуға жақын.

Майлы дақылдарды жинау жалғасуда. Зығыр мен рапсты жинау аяқталу сатысында.

Күнбағыс, мақсары және сояны жинау жұмыстары белсенді жүргізілуде.

✅ Қорытынды:

❗️ DAP Сарыағаш бағытында экспортқа жөнелтудің жоғары қарқыны вагондардың нормативтен тыс жиналуына және тиеу шектеулерінің енгізілуіне алып келді.

‼️ Тиеу шектеулеріне байланысты бидайдың ішкі және сыртқы нарықтардағы бағалары өзгерген жоқ.

‼️❗️ Негізгі экспорттық нарықтарда зығыр тұқымының бағасы нығая бастады.

* * *

Еженедельный обзор ценовой ситуации на зерновом рынке  Казахстана с 05/10/26 по 11/10/26.


По данным Комитета аналитики Зернового Союза Казахстана, цены на условиях EXW - элеватор (Акмолинская, Костанайская, Северо-Казахстанская области), в тыс теңге/т, включая НДС 16%:
▪️Пшеница 3 кл (кл-на 23-24%) - 89 - 93 ▶️ (0)
▪️Пшеница 3 кл (кл-на 25-26%) - 91 - 95 ▶️ (0)
▪️Пшеница 3 кл (кл-на 27%) - 96 - 100 ▶️ (0)
▪️Пшеница 3 кл (кл-на 28-29%) - 100 - 105 ▶️ (0)
▪️Пшеница 3 кл (кл-на 30+) - 106 - 110  ▶️ (0)
▪️Пшеница 4 кл - 86 - 89 ▶️ (0)
▪️Пшеница 5 класса - 82 - 86 ▶️ (0)
▪️Ячмень фуражный - 67 - 71  (+1)
▪️Семена льна - 180 - 185 ▶️ (0)
-----------------------------------------------
Курсы валют Нацбанка РК:
453,93 теңге/$  (+6,20)
5,35 теңге/₽ ▶️ (0)
508,72 теңге/€  (+5,74)
67,83 теңге/¥  (+1,05)
---------------------------------------------
Экспортные цены, USD/тонна:
▪️Пшеница 3 кл (кл-на 23-24 %) - 265 - 270 DAP Сарыагаш ▶️ (0)
▪️Пшеница 3 кл (кл-на 25-26%) - 267 - 272 DAP Сарыагаш ▶️ (0)
▪️Пшеница 3 Кл (кл-на 27%) - 269 - 274 DAP Сарыагаш ▶️ (0)
▪️Пшеница 3 Кл (кл-на 28-29%) - 282 - 287 DAP Сарыагаш ▶️ (0)
▪️Пшеница 3 Кл (кл-на  30+) - 295-300 DAP Сарыағаш ▶️ (0)
▪️Пшеница 4 кл - 255 - 260 DAP  Сарыагаш ▶️ (0)
▪️Пшеница 5 кл - 245 - 250 DAP  Сарыагаш ▶️ (0)

▪️Ячмень - 205 - 210 -  DAP  Сарыагаш ▶️ (+5)
▪️Ячмень - 205 - 210 FOB Актау ▶️ (0)
▪️Ячмень - 207 - 212 DAP Достык/Алтынколь ▶️ (+2)

▪️Семена льна - 430 - 435 FCA - станция отправления ???? (+5);
▪️Семена льна - 482 - 487 DAP Достык/Алтынколь ???? (+2)

Мука пшеничная, условия поставки DAP Сарыагаш, USD/t:
▪️Мука 1 с. - 295 - 300 ▶️ (0)
▪️Мука в/с - 390 - 395 ▶️ (0)

Пшенично-ячменная кормовая смесь (кормовая мука), условия поставки DAP Алашанькоу / Хоргос, USD/t:
▪️протеин 12+% - 250-255 ▶️ (0)

 

 Внутренний рынок:
На прошедшей неделе активность на внутреннем рынке была умеренной.
↔️ Цены на всю номенклатуру пшеницы не изменилась.

Ранее объявленные АО НК "Продкорпорация" цены на зерно по весенним контрактам форвардного закупа не оказали существенного влияние на ценообразование на внутреннем рынке.

 Валютный рынок:
На прошедшей неделе курс теңге продолжил слабеть к доллару США и другим валютам, за исключением российского рубля. По итогам торгов, за неделю доллар США укрепился на 1,38%.

 Биржа ЕТС:
За прошедшую неделю на бирже ЕТС в течение трех торговых дней была заключено три сделки (1 неделей ранее) по продаже пшеницы мягкой 4 класса в общем количестве 15 003 тонны (53 т ячменя неделей ранее), на условиях EXW - линейный элеватор, по цене 88 тыс теңге /т, включая НДС 16%.
Также было много заявок на продажу пшеницы мягкой на условиях EXW - линейный элеватор, включая НДС 16%:
▪️ 3 класса с Кл 23-24 по ценам 95 и 96 тыс теңге/т;
▪️ 3 класса с Кл 25-26 по ценам 97, 98 и 99 тыс теңге/т;
▪️ 3 класса с Кл 27-28 по ценам 115 и 116 тыс теңге/т;
▪️ 3 класса с кл 29-30, по ценам 117 и 118 тыс теңге /т;
▪️ 3 класса с кл 31+ по цене 119 тыс теңге/т;
▪️ 4 класса по цене 88 тыс теңге/т;
▪️ 5 класса по цене 80 тыс теңге/т.
Кроме того, предлагался ячмень 2 класса по цене 80 тыс теңге /т.
Сделки по данным лотам не состоялись.

 Экспорт:
Темпы отгрузки зерна на экспорт снижались по причине чрезмерной нагрузки на инфраструктуру АО КТЖ.
По информации КТЖ, после массовой, рекордной сентябрьской погрузки зерна, вагонопоток первых 7 дней октября по сети КТЖ, не снижался. Накопление более 10 тыс. вагонов в направлении МГСП Сарыагаш, что на 46% выше нормы (6 980 вагонов); при этом сдача составляет в среднем 31 поезд в сутки.
Для сравнения, ровно год назад образование было около 7 тыс. вагонов, то есть сейчас вагонов в этом направлении почти на 46% больше, чем в прошлом году. При этом в прошлом году сдавалось в среднем 32 поезда в сутки. Прием вагонов узбекской стороной остаётся на уровне прошлого года, а образование выросло почти в полтора раза.
На сегодняшний день роста приёма вагонов с узбекской стороны не наблюдается. С УТЙ ведётся работа по увеличению сдачи поездов через МГСП Сарыагаш.
Как только образование вагонов в направлении Сарыагаш снизится, КТЖ начнёт рассматривать дополнительные планы грузоотправителей в этом направлении.
Ведущий оператор зерновозов - Астык Транс также временно ограничил предоставление вагонов назначением ст. Какир (Узбекистан), по причине большого скопления вагонов и слабой выгрузки на данной станции.
КТЖ с 12 по 31октября вводит ежесуточные ограничения погрузки в направлении МГСП Сарыағаш вколичестве не более 300 вагонов.
Сложная поездная обстановка сложилась также на МГСП Болашак.

↔️ На прошедшей неделе экспортные цены на всю номенклатуру пшеницы остались без изменений.

⬆️ Экспортные цены на ячмень повысились на 5 USD /t на условиях DAP Сарыагаш.
⬆️ На условиях поставки DAP Достык/Алтынколь цена ячменя повысилась на 2 USD/t.
Экспорт ячменя активизируется в направлениях Китая и стран Центральной Азии.
↔️ В направлении Ирана экспорт казахстанского ячменя продолжает стагнировать. Цена на FOB Актау не изменилась.
По причине продолжающегося острого дефицита свободного флота, за неделю фрахт из Актау в северные порты Ирана в очередной раз подорожал на 4 USD/t, до 100 USD/t, а из Астрахани - на 10-13 USD/t, до 132-135 USD/t. По данным российских источников спрос на флот в направлении северных портов Ирана возрастает, темпы отгрузки растут, в основном - ячменя и кукурузы.

Семена льна:
На прошедшей неделе цены на семена льна на основных рынках начала укрепляться.
↔️ На внутреннем рынке цена EXW не изменилась - 180 - 185 тыс теңге/т (~397 - 408 USD/t);
⬆️ Экспортная цена на условиях поставки FCA Kazakhstan повысилась на 5 USD /t до 430 - 435 USD/t.
↔️ Цена на казахстанский коричневый лен (чистота 97%) на условиях DAP Польша не изменилась - 495 - 500 EUR/t.
⬆️ Цена на казахстанский лен на условиях C&F ARAG повысилась на 5 USD/t до 645 USD/t, с отгрузкой в ноябре.
Основная причина - отклонение в октябре АО РЖД планов на перевозку льна казахстанских грузоотправителей в направлении портов Эстонии и Латвии, в связи с загруженностью российским зерном Октябрьской ЖД. Альтернативное направление через Беларусь и порты Литвы дороже на 15-20 USD/t.
⬆️ Цена казахстанского льна на условиях DAP Достык / Алтынколь повысилась на 2 , USD/t, до 482 - 487 USD/t.

Таким образом, цена семян льна начала укрепляться на основных рынках, с перспективой дальнейшего роста.

Погода:
На прошедшей неделе в северных, центральных и восточных регионов страны была преимущественно прохладная погода с осадками в виде дождя и временами - снега. Температура воздуха днем +4 до +12°С, ночью -2+6°С.
По прогнозам синоптиков, на текущей неделе в северных, центральных и восточных регионах Казахстана ожидается неустойчивая погода, временами дожди. Температура воздуха днем +6 до +15°С, ночью -1+7°С.

Уборка урожая:
В Казахстане завершается уборка зерновых культур. Уборка масличных продолжается. В стадии завершения уборка льна, рапса. Идёт активная уборка подсолнечника, сафлора и сои.

✅ Резюме:
❗️ Активные темпы отгрузки на экспорт в направлении DAP Сарыагаш привели к сверхнормативному скоплению вагонов и ограничениям погрузки.
‼️ По причине ограничения погрузки цена пшеницы на внутреннем и внешнем рынках не изменилась.
‼️❗️Цены на семена льна начали укрепляться на основных экспортных рынках.

Ссылка на источник

Вернуться к списку новостей