2025 жылы астық саласындағы бірлескен жұмыстың қорытындысы бойынша
Қазақстанның астық одағы астық саласының барлық қатысушыларына, бизнес-қоғамдастық өкілдеріне, салалық қауымдастықтарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекенге», сондай-ақ мемлекеттік органдарға 2025 жыл бойы жүргізілген сындарлы диалог, салмақты шешімдер мен бірлескен жұмыс үшін шынайы алғысын білдіреді.
Өткен жыл астық саласының жұмыс істеуіне қатысты негізгі мәселелер бойынша нарық қатысушыларының белсенді кәсіби өзара іс-қимылы мен үйлестірілген іс-әрекеттер кезеңі болды. Сыртқы экономикалық жағдайдың өзгеруі, логистикалық шектеулер және мемлекеттік саясаттың трансформациясы жағдайында қойылған міндеттер сараптамалық және практикалық деңгейлерде кезең-кезеңімен пысықталды. Бірқатар бағыттар бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізілді, сонымен қатар сала алдында тұрған өзге де және жаңа сын-қатерлер бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру қажеттігіне ортақ түсінік қалыптасты.
2025 жылы Қазақстанның астық одағының қызметі нарық қатысушыларымен, ҚР ҰКП «Атамекенмен» және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл аясында келесі негізгі бағыттарға шоғырландырылды:
- тарифтік реттеуді және астық жүктерін тасымалдау шарттарын жетілдіру;
- экспорттық логистиканы және көлік инфрақұрылымын дамыту;
- астық нарығы мен сыртқы сауда бойынша талдамалық материалдарды дайындау және тарату;
- агробизнес мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын сараптамалық сүйемелдеу;
- агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау шараларын талқылау және ілгерілету.
2025 жылғы бірлескен жұмыстың қорытындысы бойынша астық саласы үшін практикалық маңызы бар шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, тарифтік саясат, техникалық талаптар, көлік шығындарын субсидиялау тетіктері және экспорттық бағыттарды дамыту мәселелері қамтылды. Бұл шешімдер бизнес, салалық бірлестіктер және мемлекеттік органдар ұстанымдарын ескере отырып жүргізілген жүйелі диалогтың нәтижесі болды.
Қазақстанның астық одағы алдағы уақытта да бизнес пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін, салалық ұстанымдарды біріктіретін және елдің агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту мүддесінде теңгерімді шешімдер әзірлеуге бағытталған сараптамалық және диалогтық алаң ретіндегі функциясын жалғастырады.
***
По итогам совместной работы зерновой отрасли в 2025 году
Зерновой союз Казахстана выражает искреннюю благодарность всем участникам зерновой отрасли, коллегам из бизнес-сообщества, отраслевых ассоциаций, Национальной палате предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен», а также государственным органам за конструктивный диалог, взвешенные решения и совместную работу в течение 2025 года.
Прошедший год стал периодом активного профессионального взаимодействия и согласованных действий участников рынка по ключевым вопросам функционирования зерновой отрасли. В условиях изменяющейся внешнеэкономической конъюнктуры, логистических ограничений и трансформации государственной политики поставленные задачи последовательно прорабатывались на экспертном и практическом уровнях. По ряду направлений удалось достичь конкретных результатов, при этом сохраняется общее понимание необходимости продолжения системной работы по остающимся и новым вызовам отрасли.
В течение 2025 года деятельность Зернового союза Казахстана во взаимодействии с участниками рынка, НПП РК «Атамекен» и государственными органами была сосредоточена на следующих ключевых направлениях:
- совершенствование тарифного регулирования и условий перевозки зерновых грузов;
- развитие экспортной логистики и транспортной инфраструктуры;
- подготовка и распространение аналитических материалов по рынку зерна и внешней торговле;
- экспертное сопровождение проектов нормативных правовых актов, затрагивающих интересы агробизнеса;
- обсуждение и продвижение мер государственной поддержки агропромышленного комплекса.
По итогам совместной работы в 2025 году были приняты решения, имеющие практическое значение для зерновой отрасли, включая вопросы тарифной политики, технических требований, механизмов транспортного субсидирования и развития экспортных направлений. Эти решения стали результатом системного диалога и учета позиций бизнеса, отраслевых объединений и государственных органов.
Зерновой союз Казахстана и впредь будет выполнять функцию экспертной и диалоговой площадки, обеспечивающей взаимодействие бизнеса и государства, консолидацию отраслевых позиций и выработку сбалансированных решений в интересах устойчивого развития агропромышленного комплекса страны.